Полипрагмазия - gp27.kz

Полипрагмазия

Полипрагмазия – бұл бір мезгілде бірнеше, тіпті кейде ондаған дәрілік препараттарды қабылдау. Медициналық тәжірибеде бұл термин дәрілерді шамадан тыс тағайындауды білдіреді.

Қанша препараттан бастап полипрагмазия туралы айтуға болады деген нақты шек жоқ, алайда жалпы алғанда, егер адам бір уақытта 5 немесе одан да көп дәрі қабылдаса – бұл ойлануға себеп болып саналады Маңыздысы – тек дәрігер тағайындаған дәрілерді ғана емес, сонымен қатар дәріханадан рецептсіз берілетін препараттарды, биологиялық белсенді қоспаларды (ББҚ), сондай-ақ өсімдік тектес құралдарды да ескеру қажет.

Әртүрлі препараттарды шамадан тыс біріктіру жағымсыз жанама әсерлерге және қауіпті өзара әрекеттесулерге әкелуі мүмкін. Полипрагмазия, антибиотиктерді шамадан тыс қолдану және негізсіз инъекцияларды пайдалану көптеген елдерде денсаулық сақтау саласындағы ең өзекті мәселелердің бірі болып танылған. Есте сақтау керек: емнің сәттілігі тек дәрігерге ғана емес, сонымен қатар медициналық нұсқауларды қатаң сақтауға тиіс науқастың өзіне де байланысты.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы» ШЖҚ РМК