ІШЕК ИНФЕКЦИЯЛАРЫ - gp27.kz

ІШЕК ИНФЕКЦИЯЛАРЫ

Көктемгі жаңбырлы кезеңдер мен су тасуларда жедел ішек инфекциялары мен паразиттік аурулардың таралу қаупі артады. Көктемгі су тасу шұңқырлардың, аула дәретханаларының, кәріз және су желілерінің ластануына ықпал етуі мүмкін. Бұл әсіресе іш сүзегі, дизентерия, вирустық және бактериялық сипаттағы басқа жедел ішек инфекциялары (ЖІИ), А вирустық гепатиті және паразиттік инвазиялар сияқты ауруларға қатысты.

Жедел ішек инфекциясы асқазан-ішек жолдарының бұзылуымен сипатталады, ол жиі іш өтумен, іштің ауырсынуымен, құсумен, дене қызуының жоғарылауымен және интоксикация белгілерінен туындаған жалпы әлсізденумен бірге жүреді.

Ішуге және тұрмыстық қажеттіліктер үшін сапасыз лас суды тұтынудың салдары оны қолданғаннан кейін бірден байқалмайды: жедел ішек инфекциясы инфекциядан кейін 3-7 күн ішінде дамуы мүмкін, ал жедел вирустық А гепатитінің клиникасы бір айдан кейін немесе одан да көп уақыт ішінде пайда болуы мүмкін.

Ішек инфекциясы жұғуы мүмкін:

  • Ішек инфекцияларының қоздырғыштары бар шикі және дайын емес суды тұтыну кезінде;
  • Жемістерді, көкөністерді, ыдыстарды, емізік пен ойыншықтарды осындай сумен жуу кезінде;
  • Ашық су айдындарында күн жылығандағы су тасқыны кезінде суды байқаусызда жұтып қойғанда және т.б.

Егер Сіз, судың сапасына күмәндансаңыз, оны қолданар алдында қайнатып алған жөн. Суды қайнату және тағамды жылумен өңдеу ықтимал зиянды микроорганизмдерді, соның ішінде бактериялар мен вирустарды жоюға қабілетті екенін есте сақтаңыз.

Су тасқыны алдындағы кезеңде және су тасқыны кезінде жұқпалы аурулардың алдын алу үшін халыққа ұсынылады:

  • Қар ерігеннен кейін аумақты қоқыстардан тазартуға, шұңқырлар мен аула дәретханаларын тазарту және зарарсыздандыру қажет;
  • Ұңғымаларды қақпақтармен жабдықтау, ұңғыма бөренелерін таза және жарамды жай-күйде ұстау керек;
  • Су мен азық-түлікті кеміргіштер қолы жетпейтін жерлерде жабық контейнерлерде сақтау қажет.