Пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметі - gp27.kz

Пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметі

Алматы қаласы ҚДСБ «№27 Қалалық емханасы» ШЖҚ КМК «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 35-бабына сәйкес пациенттерді қолдау және ішкі бақылау (аудит) қызметі құрылды және жұмыс істейді.

Пациенттерді қолдау қызметінің мақсаты-проблемалық мәселелерді анықтау және медициналық көмек көрсету сапасын одан әрі жақсарту.

ЕГЕР СІЗ:

  • медициналық көмек көрсету сапасына наразы болсаңыз;
  • медициналық персоналдың дөрекі көзқарасына тап болсаңыз;
  • тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтер үшін медициналық персоналдың ақшалай қаражатты бопсалау фактілеріне тап болсаңыз.

Сондай-ақ, егер сіз медициналық көмек көрсетудің тәртібі мен сапасына қатысты басқа да проблемалық мәселелерге тап болсаңыз, пациенттерді қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Пациенттерді қолдау қызметі Сіздің өтінішіңізді мүмкіндігінше қысқа мерзімде қарайды және Сіздің өтінішіңізді қарау нәтижелері бойынша ақпарат береді.

Пациенттерді қолдау қызметіне емделіп жатқан пациенттердің өздері де, олардың туыстары да жүгінуге құқылы.

Ұйымымыздың медициналық көмек көрсету сапасын жақсартуға көмектесетін өтініштеріңіз, пікірлеріңіз және тілектеріңіз үшін Сізге алғыс айтамыз.

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНДАРЫ:

  • Телефон: +7 (708) 971 24 19 , кабинет 210, дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 9.00-18.00.
  • Сондай-ақ, емхананың сайтына жүгіне аласыз: https://gp27.kz