Жұқпалы аурулардың алдын алу — қазіргідей маңызды болған емес
Қазақстанда вирустық аурулардың көбеюі байқалуда: тұрғындар дене қызуының көтерілуі, бүкіл дененің сырқырауы, жөтел және әлсіздік шағымымен жиі жүгінуде. Бұл — жедел респираторлық вирустық инфекциялардың (ЖРВИ) белгілері. Биыл олардың маусымы әдеттегіден ертерек басталды.
Нені білу керек:
- Қазан айының ортасынан бастап H3N2 тұмау вирусы таралып жатыр
- Коронавирустың жаңа штамы («Стратус» нұсқасы) белсенді
- Сонымен қатар риновирус, аденовирус, РС-вирус және метапневмовирус таралып жатыр
Келесі топтағы адамдарға ерекше сақ болу қажет:
- Созылмалы аурулары бар адамдар (гипертония, қант диабеті, бронхит және т.б.)
- Қарттар
- Кішкентай балалары бар ата-аналар
Алғашқы белгілер байқалса не істеу керек:
- Үйде қалыңыз — басқаларды қауіпке ұшыратпаңыз
- Өзін-өзі емдеумен айналыспаңыз — әсіресе дәрігердің нұсқауынсыз антибиотик ішпеңіз
- Гигиенаны сақтаңыз: қолыңызды жуыңыз, антисептик қолданыңыз
- Халық көп жиналатын жерлерде маска тағыңыз
- Қажет болса — емханаға жүгініңіз немесе үйге дәрігер шақырыңыз
Алдын алу — асқынулардан сақтанудың ең жақсы жолы. Өз денсаулығыңызға және жақындарыңызға қамқор болыңыз!



