Жасөспірім қыздардың гигиенасы

«№27 Қалалық емхана» акушер-гинекологы А.М.Сейдалы №186 Жалпы білім беретін мектепте жасөспірім қыздардың гигиенасы тақырыбында дәріс өткізді.

Айгерим Мырзабикызы өсу мен даму процестері қарқынды жүріп жатқан кезде жыныстық жетілу кезіндегі ағзаның физиологиялық өзгерістері туралы айтып берді. Сондай-ақ, ол қыздардың назарын осы кезеңде тұлғаның психологиялық, моральдық және әлеуметтік қалыптасуы жүріп жатқанына аударды.

Дәрістің негізгі мақсаты-жасөспірімдерге репродуктивті денсаулық әйел ағзасының жалпы денсаулығының ажырамас бөлігі екенін және ең бастысы жеке өмірдің аспектілеріне үлкен әсер ететінін айту қажеттілігі болып табылады.

Жасөспірім қыздардың гигиенасы