Вейптар несімен қауіпті. - gp27.kz

Вейптар несімен қауіпті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 19 сәуірде шекпейтін темекі өнімдерін, вейптарды, хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды сатуға және таратуға, сондай-ақ оларды жарнамалауға тыйым салу жөніндегі шешімі қоғамдық денсаулықты сақтау үшін өте маңызды болып табылады.

Вейптар, электронды ингаляциялық құрылғылар құрамында никотин мен хош иісті қоспаларды қамтиды, оларды қолдану никотинге тәуелділіктің дамуына әкеледі. Сонымен қатар, вейп түтіндерінде канцерогендер мен формальдегид пен акролеин сияқты улы қосылыстар бар, олар ағзаға теріс әсер етеді, соның ішінде ми, жүрек-тамыр жүйесі, есту, көру, қалқанша безінің қызметі, тері және орталық жүйке жүйесіне зиянды.

Бұл шешім қоғамдық денсаулыққа қауіп-қатерді азайтуға және азаматтарды, әсіресе жасөспірімдер мен жастарды осындай өнімдерді тұтынудың зиянды әсерінен қорғауға бағытталған.
Есіңізде болсын, өз денсаулығыңызға қамқорлық жасау – бұл болашағыңыз бен өмір сүру сапаңызға қамқорлық жасау.