Сау ішек – сау ағзаның негізі! - gp27.kz

Сау ішек – сау ағзаның негізі!

Көпшілік ұмытып кетеді: денсаулық ең алдымен ішектен басталады. Себебі ішек:

  • Қоректік заттарды сіңіреді,
  • Иммунитетке жауап береді,
  • Көңіл-күй мен энергия деңгейіне әсер етеді!

Егер ішек дұрыс жұмыс істемесе, мынадай белгілер байқалуы мүмкін:

  • Жиі ауыру,
  • Шаршағыштық,
  • Беттегі бөртпелер,
  • Ұйқы мен көңіл-күйдің нашарлауы.

Ішек денсаулығын сақтау жолдары:

  • Клетчаткаға бай тағамдарды көбірек жеңіз (көкөніс, жеміс, дәнді дақылдар)
  • Қант пен фастфудты азайтыңыз
  • Күнделікті жеткілікті су ішіңіз
  • Айран, йогурт секілді ашытылған сүт өнімдерін немесе пробиотиктерді қолданыңыз
  • Антибиотиктерді тек дәрігер кеңесімен қабылдаңыз
  • Уақтылы тексеруден өтіңіз

Ішек – жай ғана ас қорыту жолы емес. Ол — бүкіл ағзаның күйіне әсер ететін экожүйе. Ішекке қамқор болыңыз — сонда ол сізге денсаулық сыйлайды!