Қызметтер
Осы амбулаториялық- емханалық көмек ұйымдарының халыққа медициналық қызмет көрсету көлемінің нормативтері МСАК деңгейіндегі медициналық қызметтердің ең төменгі көлемінің тізбесін қамтиды:
1. 1) Жалпы практика дәрігерінің, учаскелік дәрігер-терапевтің/МСАК педиатрының және үйде қабылдауын қамтиды.
2. 2) Учаскелік қызмет/ жалпы дәрігерлік практика бөлімшесінің орта медицина қызметкерлерінің МСАК-та және үйде дәрігерге дейінгі көмегі.
3. 3) Әлеуметтік қызметкердің МСАК ұйымында қабылдауы және әлеуметтік патронаж.
4. 4) Психологтың қабылдауы: жеке және топтық кеңес беру.
5. 5) Персоналмен және халықпен семинар-тренингтер өткізуді ұйымдастыру.
6. 6) Зертханалық-аспаптық, оның ішінде экспресс-диагностика әдісімен зерттеу жүргізу.
- клиникалық зерттеу (лейкоформуламен жалпы қан анализі, гемоглобин, эритроциттер, түс индексі, лейкоциттер, СОЭ, тромбоциттер)
- қанның ұю уақыты, безгек плазмодийіне қан, жалпы зәр анализі, Нечипоренко зәрі, зәрдегі өт пигменттері, зәрдегі ақуыз зәрдегі қант
- биохимиялық зерттеулер (АЛАТ, АСАТ, билирубин, тимол сынағы, жалпы ақуыз, қант несепнәр, холестерин, триглициридтер)
- жұмыртқаға/құртқа нәжіс, копроскопия, жұмыртқаға/құртқа қырынды
- тазалық дәрежесіне жағынды, гонококктарға жағынды, трихоманадалар, ашытқы
- жүкті әйелдер мен стационарға жатқызуға жататын адамдарға қан тобы және резус факторы
- микрореакция
- электрокардиограмма
- көзішілік қысымды анықтау
1. 7) Осы деңгейде орындалмайтын клиникалық, биохимиялық, бактериологиялық және басқа да зерттеулер үшін ( АИТВ инфекциясына және Вассерман реакциясына (RW), туберкулезді (БК) анықтауға қақырықтың реакциясына және т.б.) биологиялық материал алу.
2. 8) Процедуралар мен манипуляциялар.
- көктамырішілік инъекциялар, бұлшықет ішіне инъекциялар, тері астына инъекциялар
- дәрілік заттарды көктамыр ішіне тамшылатып енгізу
- АИТВ инфекциясына және Вассерман реакциясына (RW)қан алу
- туберкулезді анықтауға қақырық алу (БК)
- микробиологиялық зерттеулерге материал алу
- қынапты тексеру
- тазалық дәрежесі мен онкоцитологияға жағынды алу
- жатырішілік құралды енгізу және шығару
- инъекциялық контрацептивтер