Қазақстанда 1,5 млн адам артериялық гипертензия диагнозымен есепте тұр. - gp27.kz

Қазақстанда 1,5 млн адам артериялық гипертензия диагнозымен есепте тұр.

Жүрек-қан тамырлары аурулары бар пациенттер ұдайы тексерулерден өтіп, дәрілік препараттарды қабылдаулары және дәрігерлердің бақылауында болулары қажет.

Өкінішке қарай, жыл сайын 50 мыңнан астам науқаста инсульт немесе миокард инфаркті аурулары сияқты асқынулар тіркеледі.

Дерт асқынған жағдайда құны миллиондаған қаржыны құрайтын күрделі операциялар қажет болуы мүмкін. 2026 жылдан бастап сақтандырылған азаматтарға артериялық гипертензияны емдеуге қажетті медициналық көмектің барлығы МӘМС есебінен көрсетіледі.

Айта кетейік, 1 қаңтардан бастап әлеуметтік жағдайы дағдарыстық (D) және шұғыл (E) деңгейдегі азаматтар үшін МӘМС жарналарын жергілікті атқарушы органдар төлейді. Осылайша оларға сақтандырылған мәртебесі беріліп, МӘМС аясында қажетті медициналық көмек ала алады.

МӘМС-тегі мәртебеңізді тексеріп, денсаулығыңызға қамқор болыңыз!