Пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметі - gp27.kz

Пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметі

ПАЦИЕНТТЕРДІ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ІШКІ АУДИТ ҚЫЗМЕТІ

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының «№27 қалалық емхана» ШЖҚ КМК-да Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 35-бабына сәйкес Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау (аудит) қызметі құрылған және жұмыс істейді.

Пациенттерді қолдау қызметінің мақсаты — медициналық көмектің сапасын жақсарту үшін проблемалық мәселелерді анықтау.

ЕГЕР СІЗ:

  • көрсетілген медициналық көмектің сапасына қанағаттанбасаңыз;
  • медицина қызметкерлерінің дөрекі қарым-қатынасына тап болсаңыз;
  • кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында көрсетілетін қызметтер үшін медицина қызметкерлерінің ақша талап ету жағдайларына кезіксеңіз.

Сондай-ақ егер Сіз медициналық көмектің тәртібі мен сапасына қатысты басқа да проблемалық жағдайларға тап болсаңыз, Пациенттерді Қолдау Қызметіне хабарласуыңызды сұраймыз.

Пациенттерді Қолдау Қызметі Сіздің өтінішіңізді мүмкіндігінше қысқа мерзімде қарап, оның нәтижесі бойынша ақпарат береді.

Пациенттерді Қолдау Қызметіне ем алып жатқан науқастардың өздері де, олардың туыстары да жүгінуге құқылы.

Медициналық көмектің сапасын арттыруға ықпал ететін өтініштеріңіз, пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңыз үшін Сізге ризашылығымызды білдіреміз.

ХАБАРЛАСУ ҮШІН ТЕЛЕФОН:

Телефон: +7 (708) 971 24 19 , 210-кабинет, дүйсенбі-жұма күндері, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.

Сондай-ақ емхананың сайтына жүгіне аласыз: https://gp27.kz