Назар аударыңыз! ЖРВИ маусымы өршуде: метапневмовирус туралы не білуіңіз керек!
Жыл сайын күз бен қыс әртүрлі вирустық инфекциялардың белсенді таралу уақытына айналуда және осы маусымда бізге метапневмовирус қосылды. Бұл вирус жаңалық емес, ол әлемде ондаған жылдар бойы таралып келеді. Бірақ соңғы апталарда ол белсенді түрде тарала бастады, Қазақстанда да ауру жағдайлары анықталды.
Метапневмовирус туралы не білу керек?
Метапневмовирус (HMPV) — негізінен ауа тамшылары арқылы берілетін жедел респираторлық ауру. Сонымен қатар, тұрмыстық байланыс жолы да мүмкін, бірақ сирек кезедседі. Негізгі белгілері-жөтел, мұрынның ағуы, бас ауруы, ентігу және қалтырау. Бір қарағанда, қарапайым ЖРВИ-ге ұқсас, бірақ емдеу уақытын жіберіп алмау маңызды.
Әзірге бұл вирустың нақты емі жоқ. Емдеу симптоматикалық: демалу, көп су ішу, температура мен ауырсынуды жеңілдететін дәрілер. Ең бастысы — өздігінен емдеумен айналыспау қажет, алғашқы белгілерде дәрігерге жүгіну ұсынылады.
Қазақстандағы сырқаттанушылық маусымы
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, эпидемиялық маусым басталғаннан бері (1 қазаннан бастап) ЖРВИ-ның 2 002 335 жағдайы және расталған тұмаудың 941 жағдайы тіркелді. Биылғы жылы тұмау да белсенді, А типті тұмау (H1N1) басым.
Аурудың маусымдық өршуі елдің барлық дерлік аймақтарын қамтиды және риновирус, РС вирусы, аденовирус және басқалары сияқты вирустар белсенді айналымда.
Өзіңізді қалай қорғауға болады?
Денсаулық сақтау министрлігі бәрімізді қарапайым, бірақ маңызды алдын алу шараларын сақтауға шақырады:
- Адамдар көп жиналатын жерлерде байланысты шектеңіз.
- Гигиеналық ережелерді сақтаңыз: қолыңызды жиі жуыңыз, антисептиктерді қолданыңыз.
- Өзіңізді және жақындарыңызды вирустардан, әсіресе қауіп тобына жататын — созылмалы аурулары бар адамдарды қорғаңыз.
Осы күрделі эпидемиялық кезеңде өзіңізді қорғаңыз және денсаулығыңызға мұқият болыңыз!