МӘМС бойынша түсіндіру жұмыстары белсенді жүргізілуде
МӘМС бойынша түсіндіру жұмыстары белсенді жүргізілуде
Біздің дәрігерлер мен медицина қызметкерлері 2026 жылдан бастап күшіне енетін Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне қатысты тіркелген тұрғындар арасында үй аралау және түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Олар келесі мәселелер бойынша жан-жақты ақпарат берді:
• МӘМС жүйесінде қандай өзгерістер болатыны,
• Қандай санаттар тегін медициналық көмек ала алатыны,
• Поликлиникаға қалай тіркеліп, сақтандырылуға болатыны,
• Уақтылы тексеріліп, диспансерлік бақылауда болудың маңыздылығы.
Денсаулыққа қамқорлық — ақпараттылықтан басталады.