Гастриттен бастап ойық жараға дейін: аурудың алдын қалай алуға болады?
Гастрит пен ойық жара — жай ғана «іштің ауыруы» емес, егер емделмесе асқынуға әкелетін асқазан-ішек жолдарының күрделі аурулары.
Гастрит пен ойық жараны не тудыруы мүмкін?
- Жүйесіз тамақтану, асығыс ас ішу
- Ащы, қуырылған тағам мен фастфудты жиі қолдану
- Темекі шегу, алкоголь
- Стресс пен шаршау
- Helicobacter pylori инфекциясы
- Ауырсынуды басатын және асқазанға зиян дәрілерді жиі қабылдау
Өзіңізді қалай қорғауға болады?
- Уақтылы және қалыпты мөлшерде тамақтаныңыз
- Қуырылған, ащы тағамдар мен кофені шектеу
- Стрессті азайтыңыз (ұйқы, демалыс, серуен)
- Дәрілерді тек дәрігердің нұсқауымен қабылдаңыз
- Ауырсыну, күйдіріп ашыту немесе ауырлық байқалса, гастроэнтерологқа жүгініңіз
Егер бұрын шағым немесе диагноз қойылса — поликлиникада профилактикалық тексерістен өтіп, УДЗ жасаңыз.
Өзіңе қамқор болу — санадан басталады. «Өзі өтеді» деп күтпеңіз — алдын алыңыз!