Директордың блогы
Біз Сіздерді «№ 27 ҚЕ» ШЖҚ КМК ресми сайтының парақшасында қарсы алуға қуаныштымыз.
Біздің емхана өз жұмысын 02.11.2015ж. бастап бастаған.
Бүгінгі таңда № 27 Қалалық емхана — Наурызбай ауданында бекітілген халыққа алғашқы медициналық – әлеуметтік және консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін заманауи емдеу мекемесі.
Емхананың құрылымына жалпы практика дәрігерлері бөлімшесі, мамандандырылған көмек бөлімшесі, профилактика және әйелдер консультациясы бөлімшесі кіреді.
Біз өз сайтымызды халыққа жақын болу үшін, сондай-ақ Сіздермен кері байланыс орнату үшін аштық, сондықтан кез-келген өтініштеріңіз назардан тыс қалмайды, Ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңіз назарға алынады. Біз бірге медициналық қызмет көрсету деңгейін көтеріп, халықтың денсаулығын нығайта аламыз.
Біздің міндетіміз – пациенттердің сапалы және әлеуметтік бағдарланған көмекке деген қажеттіліктерін қанағаттандыру.
Біздің миссиямыз-халыққа сапалы, қауіпсіз, қолжетімді медициналық көмек көрсету.
Біздің сайтта Сіз өзіңізді қызықтыратын барлық сұрақтарға жауап ала аласыз, денсаулық сақтаудың соңғы жаңалықтары мен алдағы іс-шаралар туралы хабарландыруларды біле аласыз.