Біздің емханада инсульттің алдын алу бойынша Тренинг
Бүгін біздің емханада инсульттің алдын алу мен белгілері туралы ақпараттандыруға бағытталған маңызды іс-шара өтті.
Тренинг барысында келесі тақырыптар қозғалды:
- Инсульттің себептері мен қауіп топтары
- Алғашқы белгілері мен алғашқы көмек көрсету ережелері
- Алдын алу жолдары: тамақтану, белсенді өмір салты, қан қысымын бақылау
- Көмекші қызметтер мен мультидисциплинарлық командалардың рөлі
Алынған білімдер адамдардың өмірін сақтап қалуға көмектеседі деп сенеміз!




