Біз туралы - gp27.kz

Біз туралы

Біздің сайтқа қош келдіңіз!

Біз Сіздерді көргенімізге қуаныштымыз!

Біздің сайттың негізгі мақсаты — халықпен тікелей байланыс орнату, сапалы медициналық көмек көрсету, сондай-ақ халықты қажетті ақпаратпен хабардар ету.

Емхана өз жұмысының барысында әр пациенттің денсаулық жағдайын бақылауға және оның барлық мәселелерінен хабардар болуға міндетті.

Бұл біздің басты міндетіміз!

Менің ойымша, бұл сайт заңмен бекітілген құқықтарыңыздың толық орындалуына қайшы келтіретін кейбір кедергілерді бірге жоюға көмектеседі. Сондай-ақ, осы парақшада Сіздер біздің емхананың барлық жұмысы туралы хабардар боласыздар.

Біз туындаған барлық сұрақтарға жауап бере аламыз деп сенемін және біз туралы жақсы пікірде қаласыздар деп ойлаймын!

Құрметпен, Алматы қ. ҚДСБ «№27 Қалалық емхана” ШЖҚ КМК директоры
Фарида Абубакировна Агибаева

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының «№27 Қалалық емхана » ШЖҚ КМК паспорты

Кәсіпорынның толық атауы

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының «№ 27 Қалалық емхана » шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.

Заңды мекенжайы

Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, «Ақжар» шағынауданы, Дәулеткерей көшесі, 140 үй.

Директор

Агибаева Фарида Абубакировна – «Әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру», «Терапия» мамандықтары бойынша жоғары біліктілік санаты бар денсаулық сақтауды ұйымдастырушы.

Ғимарат

Емхана құрылысының басталуы — 2014 жылғы сәуір, құрылыстың аяқталуы — 2014 жылғы желтоқсан. Емхананы салуға және жарақтандыруға нақты шығындар 261 466,500 теңгені құрады. Құрылысты «ГУНН Строй Сервис» ЖШС жүргізді.

Жобалық қуат

Жобалық қуаты — ауысымда 200 адам, күндізгі стационар — 11 төсек.

Қызмет көрсетілетін халық

№ 27 ҚЕ алғашқы медициналық-санитарлық көмектің дербес ұйымы болып табылады, аралас үлгідегі емхана — ересектер мен балаларға қызмет көрсетуге арналған, Қызмет көрсетілетін халықтың жалпы саны — 16 787 адам («Ақжар» кентінің, «Абай саяжайларының» тұрғындары және «Қалқаман» шағын ауданындағы жатақханалар).

Ұйымдық құрылым

Учаскелік қызмет, зертханалық-диагностикалық бөлімше, мамандандырылған көмек бөлімшесі, стоматологиялық кабинет, профилактикалық және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесі, әйелдер консультациясы.

Кадрлар

Емхана персоналының штат саны — 155,25 ставканы құрайды, оның ішінде:
— дәрігерлік — 43,25
— орташа медициналық персонал — 68
— кіші медициналық қызметкерлер — 6,0
— басқалары — 39,5