Әлеуметтік маңызы бар аурулар
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік маңызы бар аурулардың жаңартылған тізімі күшіне енеді.
Бұл тізімге келесі аурулар кіреді:
- туберкулез;
- адамның иммун тапшылығы вирусы;
- созылмалы вирусты гепатиттер және бауыр циррозы;
- қатерлі ісіктер;
- психикалық және мінез-құлық ауытқушылықтары;
- жедел миокард инфаркті (алғашқы 6 ай);
- жүйке жүйесінің дегенеративті аурулары;
- орталық жүйке жүйесінің аурулары;
- сирек кездесетін, яғни орфандық аурулар;
- эпилепсия;
- цереброваскулярлық аурулар (1 жыл көлемінде).
Бұл тізімге енген аурулары бар пациенттер дәрігерлік бақылауды, дәрілік препараттарды, зертханалық талдауларды тегін, яғни мемлекет тарапынан көрсетілетін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында алады.


