3 қыркүйек — ДНҚ-ның бірегейлігін ашу күні
Бүгін өмірдің негізі болып табылатын ДНҚ-ның бірегейлігін ашу күні атап өтіледі.
ДНҚ дәрігерлерге ауруларды диагностикалауға, тұқым қуалайтын қауіптерді анықтауға және әр науқасқа жеке емдеуді таңдауға көмектеседі.
Қазақстанда генетикалық зерттеулер белсенді дамып келеді:
- онкологиялық және тұқым қуалайтын ауруларға бейімділікті анықтау үшін тесттер жүргізілуде;
- жекелендірілген медицинаның бағдарламалары енгізілуде;
- ата-аналар жаңа туған нәрестеге туа біткен патологияларды уақытында анықтау үшін неонаталдық скрининг жасата алады.
Тұрақты тексерулер мен скринингтер ауруларды ерте кезеңде анықтап, алдын алуға көмектеседі.