Жұмыссыздар мен әлеуметтік осал азаматтар жергілікті бюджет есебінен сақтандырылады
Жұмыссыздар мен әлеуметтік осал азаматтар жергілікті бюджет есебінен сақтандырылады
2026 жылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінің қамтылуы одан әрі кеңейеді.
Жұмыссыздар мен табыс деңгейі төмен (дағдарыстық және шұғыл деңгейдегі) азаматтар үшін жарналарды жергілікті атқарушы органдар төлейді.
Қазіргі уақытта МӘМС жүйесінде – 16,7 млн адам (халықтың 82,3%-ы), оның 72,5%-ы – жеңілдік санатындағы азаматтар. Табыс деңгейі төмен шамамен 1 млн азамат пен ресми тіркелген жұмыссыздар мемлекет есебінен медициналық қызметтерге қол жеткізеді.
Бұл – халықаралық тәжірибеге сай, қаржылық жағдайына қарамастан, одан да көп адамның қажетті медициналық көмекті алуына мүмкіндік береді.