13 қыркүйек — Дүниежүзілік алғашқы көмек күні!
Жүрек тоқтаған жағдайда адамды құтқарып қалуға небәрі 4–6 минут уақыт бар екенін білесіз бе?
Алғашқы көмек — бұл дәрігерлер келгенге дейін кез келген адамның көрсете алатын әрекеттері:
- тыныс пен тамыр соғысын тексеру,
- жедел жәрдем шақыру,
- жүрекке жанама массаж жасау,
- қан кетуді тоқтату,
- зардап шеккен адам есінде болса, оны жылыту және тыныштықта ұстау.
Тіпті қарапайым, дер кезінде жасалған әрекет біреудің өмірін сақтап қалуы мүмкін.
Өзіңізге және айналаңызға қамқор болыңыз!