Антимикробтық төзімділік (АМТ)
Антимикробтық төзімділік (АМТ) – бактериялар, вирустар, саңырауқұлақтар мен паразиттер антимикробтық препараттарға сезімталдығын жоғалтқан кезде дамиды. Дәріге төзімділіктің салдарынан антибиотиктер мен басқа да антимикробтық препараттар тиімділігін жоғалтады, ал инфекцияларды емдеу айтарлықтай қиындайды немесе мүлде мүмкін болмайды. Бұл аурулардың таралу қаупін, ауыр өтуін және өлім-жітім деңгейін арттырады.
АНТИМИКРОБТЫҚ ТӨЗІМДІЛІК МӘСЕЛЕСІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТТЫ АРТТЫРУҒА АРНАЛҒАН
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АПТА жыл сайын 18–24 қараша аралығында өткізіледі және АМТ мәселесін түсінуді арттыруға, сондай-ақ дәріге төзімді қоздырғыштардың пайда болуы мен таралуының алдын алуға бағытталған жаһандық іс-қимылдарды қолдауды мақсат етеді.
Идеялық ұраны биыл:
«ӘРЕКЕТ ЕТЕТІН УАҚЫТ КЕЛДІ: ҚАЗІРГІНІ ҚОРҒАП, БОЛАШАҚҚА ҚАМҚОРЛЫҚПЕН ҚАРАЙЫҚ!».
Антимикробтық тұрақтылық қазірдің өзінде біздің денсаулығымызға, азық-түлік жүйелерімізге, қоршаған ортаға және экономикаға елеулі әсерін тигізіп отыр. Бұл — болашақтың емес, бүгінгі күннің күрделі мәселесі.




