АНТИБИОТИКТЕРГЕ ТӨЗІМДІЛІКТІ ҚАЛАЙ БОЛДЫРМАУҒА БОЛАДЫ
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен жыл сайын қарашаның ортасында Антимикробтық препараттарды дұрыс пайдалану апталығы өтеді. Биылғы апталықтың тақырыбы – «Әрекет етудің уақыты: бүгінді қорғаймыз, болашақты ойлаймыз!»
Қазіргің өзінде антибиотиктерге төзімді бактериялардың көбеюі ауыр, қиын емделетін жұқпалардың өсуіне және өлім-жітімнің артуына әкеліп отыр. Мәселенің ауқымы – антимикробтық препараттардың қолжетімділігі мен олардың орынсыз қолданылуымен байланысты.












