Жұқпалы аурулардың алдын алу — қазіргідей маңызды болған емес - gp27.kz

Жұқпалы аурулардың алдын алу — қазіргідей маңызды болған емес

Қазақстанда вирустық аурулардың көбеюі байқалуда: тұрғындар дене қызуының көтерілуі, бүкіл дененің сырқырауы, жөтел және әлсіздік шағымымен жиі жүгінуде. Бұл — жедел респираторлық вирустық инфекциялардың (ЖРВИ) белгілері. Биыл олардың маусымы әдеттегіден ертерек басталды.

Нені білу керек:

  • Қазан айының ортасынан бастап H3N2 тұмау вирусы таралып жатыр
  • Коронавирустың жаңа штамы («Стратус» нұсқасы) белсенді
  • Сонымен қатар риновирус, аденовирус, РС-вирус және метапневмовирус таралып жатыр

Келесі топтағы адамдарға ерекше сақ болу қажет:

  • Созылмалы аурулары бар адамдар (гипертония, қант диабеті, бронхит және т.б.)
  • Қарттар
  • Кішкентай балалары бар ата-аналар

Алғашқы белгілер байқалса не істеу керек:

  • Үйде қалыңыз — басқаларды қауіпке ұшыратпаңыз
  • Өзін-өзі емдеумен айналыспаңыз — әсіресе дәрігердің нұсқауынсыз антибиотик ішпеңіз
  • Гигиенаны сақтаңыз: қолыңызды жуыңыз, антисептик қолданыңыз
  • Халық көп жиналатын жерлерде маска тағыңыз
  • Қажет болса — емханаға жүгініңіз немесе үйге дәрігер шақырыңыз

Алдын алу — асқынулардан сақтанудың ең жақсы жолы. Өз денсаулығыңызға және жақындарыңызға қамқор болыңыз!