«Денсаулығыңызды сақтаңыз — скринингтен өтіңіз!» - gp27.kz

«Денсаулығыңызды сақтаңыз — скринингтен өтіңіз!»

«Денсаулығыңызды сақтаңыз — скринингтен өтіңіз!»

Ауруларды ерте анықтау — сәтті емделудің және өмірді сақтап қалудың кепілі.

Скрининг — бұл алдын алу мақсатында жүргізілетін медициналық тексеріс, ол:

  • қауіп факторларын анықтауға,
  • ауруларды ерте сатысында диагностикалауға,
  • асқынулардың дамуына жол бермеуге көмектеседі.

Скрининг кезінде қандай аурулар анықталуы мүмкін?

  • сүт безі қатерлі ісігі,
  • жатыр мойны қатерлі ісігі,
  • ерлердегі қуықасты безінің ісігі,
  • тоқ ішек қатерлі ісігі,
  • қант диабеті,
  • артериялық гипертония,
  • В және С гепатиттері,
  • АИТВ (ВИЧ),
  • туберкулез және басқалар.

ДДСҰ (ВОЗ) деректері бойынша:

  • Сүт безі қатерлі ісігін ерте анықтау тірі қалу мүмкіндігін 90%-ға дейін арттырады.
  • Қазақстанда жыл сайын шамамен 1,5 миллион адам скринингтен өтеді.
  • Дегенмен, халықтың шамамен 40%-ы тексерістен өтпейді.

Скринингтен үнемі өту аса маңызды:

  • 40 жастан асқан әйелдерге,
  • 50 жастан асқан ерлерге,
  • созылмалы ауруы бар адамдарға,
  • отбасында онкологиялық аурулар болған жандарға.

Дәрігерге баруды кейінге қалдырмаңыз. Скрининг — бұл өмірді құтқарып қалуы мүмкін небәрі 15 минут.