Бруцеллёз
Бруцеллёз – буындарды, жүйке, жыныс және басқа жүйелерді зақымдайтын жұқпалы ауру.
Жұғу жолдары:
- >шикі сүт пен одан жасалған өнімдерді ішу;
- жеткілікті пісірілмеген етті жеу;
- ауырған жануарлардың жүнінен және бөлінділерімен байланыс.
Алдын алу шаралары:
- ет пен сүт өнімдерін тек ресми жерлерден сатып алыңыз;
- етті кемінде 1 сағат қайнатып, жақсылап қуырыңыз;
- шикі сүт ішпеңіз;
- малға қарағанда жеке гигиеналық ережелерін сақтаңыз.
Өз денсаулығыңызды қорғаңыз!