Скрининг — бұл жай ғана медициналық тексеріс емес - gp27.kz

Скрининг — бұл жай ғана медициналық тексеріс емес

Скрининг — бұл жай ғана медициналық тексеріс емес.
Бұл — ауру белгілері әлі пайда болмай тұрып, қауіпті дерттерді ерте кезеңде анықтау мүмкіндігі.

Біздің емханада скрининг 40 пен 70 жас аралығындағы адамдарға тақ санды жылдары (40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жас) жүргізіледі.
Тексерілетін аурулар:
• артериялық гипертония
• жүректің ишемиялық ауруы
• қант диабеті
• глаукома
• онкологиялық аурулар

Сонымен қатар, қауіп факторлары да бағаланады:
дене салмағы, өмір салты, физикалық белсенділік деңгейі, тамақтану, артериялық қысым.

Глаукомаға тексеріс 40–70 жас аралығындағы офтальмолог есебінде тұрмайтын ерлер мен әйелдерге жеке жүргізіледі.
Әйелдерге келесі скринингтер ұсынылады:
• жатыр мойны қатерлі ісігіне (30, 34, 38, 42, 46, 50, 54, 58, 62, 66, 70 жаста)
• сүт безі қатерлі ісігіне — 40–70 жас аралығында (егер онколог бақылауында болмаса)

50–70 жас аралығындағы әйелдер мен ерлерге ішек аурулары жоқ және есепте тұрмаған жағдайда колоректалды қатерлі ісікке скрининг жасалады.

Сонымен қатар В және С гепатиттеріне скрининг келесі қауіп тобына жүргізіледі:
• медицина қызметкерлері
• операция алдындағы науқастар
• гемодиализдегі адамдар
• онкологиялық және трансплантологиялық бөлімшелердің пациенттері
• жүкті әйелдер
• қан құйылған адамдар
• осал топ өкілдері

Уақытында тексерілуден өтіңіз — бұл өміріңізді құтқаруы мүмкін.
Есіңізде болсын: ерте кезеңде анықталған ауруды емдеу әлдеқайда оңай және көбіне толық емделеді.