Ер адамдардың репродуктивтік функциясына теріс әсер ететін факторлар - gp27.kz

Ер адамдардың репродуктивтік функциясына теріс әсер ететін факторлар

Ер адамдардың репродуктивтік функциясына теріс әсер ететін факторлар:
1. Гормоналдық бұзылыстар
Тестостерон деңгейінің төмендеуі ер адамның ұрықтандыру қабілетіне айтарлықтай әсер етеді. Мұндай гормондық өзгерістердің себептері — жас ерекшеліктері, генетикалық бұзылыстар немесе эндокриндік жүйе аурулары болуы мүмкін.
2. Қоршаған ортаның ластануы
Пестицидтер, ауыр металдар мен пластиктер сияқты уытты химиялық заттар сперматогенезге (сперматозоидтардың түзілу процесіне) теріс әсер етеді.
3. Дұрыс емес өмір салты
Темекі тарту, алкогольді шамадан тыс тұтыну, дұрыс тамақтанбау, қозғалыс аздығы — осының барлығы сперматозоидтардың саны мен сапасына кері әсер етеді.
4. Шамадан тыс жылу әсері
Жоғары температураның (мысалы, саунада жиі болу, ноутбукті тізеге қою) ұзақ әсері шәует сапасының төмендеуіне себеп болуы мүмкін.
5. Инфекциялар
Жыныстық жолмен берілетін инфекциялар (хламидиоз, гонорея) және қабыну аурулары (мысалы, орхит — аталық бездің қабынуы) бедеулікке әкелуі мүмкін.
6. Стресс
Созылмалы күйзеліс репродуктивтік функцияға жауап беретін гормондардың деңгейіне әсер етіп, сперматозоидтардың сапасын төмендетуі мүмкін.
7. Дәрі-дәрмектер мен есірткі заттар
Стероидтар мен есірткі заттар секілді кейбір препараттар ұрық сапасын нашарлатып, тіпті бедеулікке алып келуі ықтимал.