МӘМС бойынша диагностика және көз операцияларының кезеңдері
Егер көру қабілетіңіз нашарласа, алдымен емханадағы учаскелік дәрігерге жүгініңіз. Ол жағдайыңызды бағалап, көрсеткіштер болса, офтальмолог дәрігерге жолдама береді.
Алдымен бастапқы тексерулер жүргізіледі. Офтальмолог тексеру нәтижелері бойынша операция немесе басқа емдеу тәсілінің қажеттілігін анықтайды.
Емдеу форматы:
- Амбулаторлық ем;
- Күндізгі стационар – операциялар, соның ішінде көздің мөлдір қабығын ауыстыру;
- Түнгі стационар – глаукома және басқа аурулар кезінде лазердің көмегімен жасау.
МӘМС жүйесі көз жарақаттары, глаукома, катаракта, медицина көрсеткіштері бойынша көздегі ісіктерді алу, МӘМС тізіміне кіретін өзге де қызметтерді өтеп береді.


